Стресс тісті бүлдіреді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Ғалымдар 50 студентов-медиктерді зерттеді. Цюрихтың психологтары мен стоматологтары студент жастардың тістері мен психикаларын мұқият бақылауға алды. Студенттер екі топқа жіктелді: бірінші топтың өкілдері ай бойы күрделі сессияға даярланды, ал екінші топтың студенттері әдеттегі сабақтарға қатысып жүрді.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша мамандар сессия алдындағы стресс тістер мен қызылиектің жай-күйіне кері әсер ететінін анықтады. Емтихан қарсаңында бас көтермей даярланған барлық студенттердің ауыз қуыстарының жай-күйі іс жүзінде нашарлай түскен, ал алтауының қызылиегі қабынған.
Екінші топтағы студенттердің тістері мен ауыз қуыстарының жай-күйі өзгеріссіз сақталған. Ғалымдар зерттеулердің қорытындылары бойынша адамдар стресс кезінде барынша жиі тістенеді деген тоқтамға келді. Дәл осы фактор тістерге келтіретін зиянның негізі болатын көрінеді.