Студент қыздың көлігін Өзбекстанда сатпақшы болған қылмыскер ұсталды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алматыдағы сауда үйінің жанында 20 жастағы студент қызды пышақпен қорқытып, оның «Мерседес Бенц» маркалы автомашинасын иемденіп кеткен қылмыскер ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматын құрықтады. Күдікті ұрланған автомашинаны Өзбекстанда сатпақшы болған. Одан пышақ пен ұрланған автомашина тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыскердің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар