Студенттер арасындағы ӘЧ: Қазақстан боксшылары 3 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалмақ Республикасының астанасы Элиста қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында отандастарымыз бір алтын, бір күміс және бір қолаға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын медальді Абай Қуандықов (52 келі) жеңіп алса, күміс жүлдені Бекболат Құрамысов (69 келі) қанжығасына байлаған. Ал қола жүлдеге Ержан Ордабаев (60 келі) ие болды.

Абай Қуандықов финалда Тайбэй елінен келген Хон Чуан-Хсунды тізе бүктірді. Ал Бекболат Құрамысов шешуші айқаста тағы бір Тайбэй өкілі Пан Хун-Мингпен жұдырықтасты. Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазылар жеңісті қарсыласқа берді.

Соңғы жаңалықтар