Студенттер арасындағы әлем кубогі сайысында батысқазақстандық самбошылар жүлдегер атанды

ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Келесі жылы Ресейдегі Татарстан елінің астанасы Қазан қаласында өтетін студенттер арасындағы 4 жылда бір болатын Универсиаданың алғашқы жарыстары басталды. Бұл жолы Қазан қаласында самбо күресінен дүние жүзінің 40 мемлекетінен 200-ден астам спортшы қатысқан жарыста студенттер арасында әлем кубогі сарапқа салынды.
None
None

БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен батысқазақстандықтар жүлделі орындардан көріне білді. Олар: Сырым Мейірманов (57 келі, 2-орын, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 3 курс студенті), Нұрбол Серіков (68 келі, 3-орын, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс студенті), Айдана Елеусінова ( 64 келі, 3-орын, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, 3 курс), Аида Садықова (68 келі, 5-орын, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 1 курс). Бас жаттықтырушы - Қазбек Ибрашев.

Жалпыкомандалық есепте Ресей, Қазақстан, Грузия құрамалары жүлделі орындарды бөлісті.

Соңғы жаңалықтар