Студенттерге арналған жаңа «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы шығарылды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтында жоғары оқу орындарына арналған жаңа «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясы жобасының таныстырылымы болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Институттың Сараптама, тарихи антропология және логистика бөлімінің басшысы Жабай Қалиевтың айтуынша, жоғары оқу орындарында тарихшы емес мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арналған аталмыш оқу құралы мен хрестоматия ғалымдардың талқылауынан кейін, құрылымы мен мазмұны жағынан толықтырылды. Бүгінде 417 беттен тұратын оқулыққа еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта түсірілген тарихи суреттер мен құнды құжаттар енгізіліп отыр. «Қазіргі кезде бұл жобаның үш данасы ғана шығарылды. Енді, Елбасы және министрліктің қаруынан өтіп, оның шығаруына рұқсат берілгеннен кейін, біз аталған еңбекті көптеп басып, барлық жоғары оқу орындарына тарататын боламыз», - дейді Ж.Қалиев.

Соңғы жаңалықтар