Студенттік құрылыс жасақтары павлодарлық штабының «Ертіс жұлдыздары» үгітшілері шекарашылармен кездесті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - «Ертіс жұлдыздары» үгітшілік жасағы Шарбақты ауданының аумағындағы үш застава әскерилерін шекара қызметінің 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады студенттік құрылыс жастар жасақтарының (СҚЖЖ) Павлодар облыстық штабынан.

Студенттік құрылыс жасақтары павлодарлық штабының «Ертіс жұлдыздары» үгітшілері шекарашылармен кездесті

«Мемлекеттік шекара күзетіне әрқашан бірінші кезекте мән беріледі. Қазақстан азаматтары еліміздің шекараларын айбынды қорғаушылар - шекарашылар күзетіп жатқанын сезіне отырып, ел игілігі үшін алаңсыз жұмыс істей алады», - деп атап өтті СҚЖЖ штабының төрағасы Сапар Шалабаев.

Студенттердің бір жарым сағаттық бағдарламасы табысты өтті. «Ертіс жұлдыздарының» жауынгерлері шекарашыларға құрылыс және экология жасақтарының жұмысы, өздерінің облыс бойынша сапарлары туралы айтып берді. Биылғы жазда олар ауыл тұрғындарымен кездесуде Президент Н.Назарбаевтың «Жасыл Ел» бағдарламасын насихаттап, 17 концерт беріп үлгерді.