19:08, 09 Маусым 2016 | GMT +5
Су астынан Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі көрінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстікқытайлық Хэбэй провинциясындағы бөгендегі су астында қырық жылға жуық жасырынған Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі көріне бастады.

Бұған тұтынатын су көлемінің артуына байланысты су деңгейінің азаюы себеп болды.
Куаньчэн-Маньчжур автономды уезіндегі Ұлы Қытай қорғанының бөлігі 500-ден астам жыл бұрын, Мин әулеті басқарған кезде салынды. Ол солтүстік және солтүстік-шығыс шекараларына өтуде маңызды рөл атқарған.
1975 жылы бұл ауданда үлкен бөген салынып, қорғанның бұл бөлігі су астында қалды.
Су қоймасындағы су ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік қызметтің артуына байланысты азая бастады, деп хабарлады Синьхуа.