Су астында қалған ежелгі римдік қала табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис ұлттық мұра институтының археологтары біздің дәуіріміздің 365 жылы 21 шілдесінде болған цунамидің салдарынан қираған ежелгі римдік Неаполис қаласының су астындағы үйінділерін тапты, деп жазады Лента.ру.
None
None

Зерттеушілер ежелгі қаланың көшелерін, ескерткіштерін, сондай-ақ гарум балық тұздығын сақтауға арналған ыдыстарды тапқан, деп хабарлайды ScienceAlert. Қала үйінділері 20 гектар аумақты алып жатыр. Олар Тунистің солтүстік-шығысындағы Набуль маңында.

Неаполис біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда негізі қаланған қала. Оның аты грек тілінен аударғанда «Жаңа қала» дегенді білдіреді. Тарихшылар қаланың бір бөлігі екі рет қайталанған ең жоғары - 8 балдық магнитудалы жер сілкінісі кезінде жер бетінен жойылып кетті деп есептейді.

 Зілзала салдарынан Крит аралының кейбір бөліктері 10 метрге жылжыған. Суға батып кеткен үйінділерді іздеу жұмыстары 2010 жылдан бастап жүргізілуде.

Экспедиция жетекшісі Мунир Фантардың сөзіне қарағанда, Неаполис - гарум және тұздалған балық өндірумен танылған, ежелгі Римнің сауда орталықтарының бірі. 

Соңғы жаңалықтар