Су басқан өңірлерге қажет тауарларды дрондар тасиды

АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқынына ұшыраған өңірлерге гуманитарлық көмекті дрондар арқылы жеткізеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен мәлім етті.

Гуманитарную помощь собирают жители СКО для пострадавших от паводка
Фото: Олеся Жуковень/Kazinform

«Су тасқынымен күрес жағдайынан IT-қауымдастығы тыс қалмай, дрондар арқылы гуманитарлық көмек жеткізуге көмектеспек. АҚШ-та жүзеге асырылып жатқан отандасымыздың жобасы яғни «ARC Drones» компаниясы көмекке келіп, қазірдің өзінде 3 дронды Құлсары, Көкшетау және Петропавл қаласына жіберуді жоспарлап отыр. Дрондар 20 келіге дейінгі жүкті жедел және үздіксіз жеткізе алады», - деді Альбина Әтен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, дрондардың көмегімен өмірлік маңызы бар тауарлар мен медициналық қажеттіліктер (дәрі-дәрмек, қан, вакциналар) жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар