Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Су добынан Қазақстанның U19 ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – ​Қазақ ватерполшылары Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелік топтары арасындағы су спорты түрлерінен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

су добы
Фото: Спорты дамыту дирекциясы

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істер комитеті Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, финалда отандастарымыз Жапония құрамасына 8:12 есебімен есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен ойында Сингапурды ұтқан Қытай спортшыларына бұйырды.

​Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирді 4-орынмен аяқтады.

Осыған дейін Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.