Су добынан Азия чемпионаты: ҚР құрамасы жартылай финалға шықты

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы Сингапурде өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Су добынан 2023 жылғы Азия чемпионатының үшінші ширек финалының плей-офф сатысында Сингапур Қазақстанмен кездесті. Сингапур жақсы ойын көрсетіп, жартылай финалға өтпекші болды. Алайда, қазақстандықтар өз тәжірибесінің арқасында жеңіске жетіп, оны матчтың соңғы бөлігінде пайдаланды.

Нәтижесінде Қазақстан 10-7 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өткен үшінші команда болды.

Матчтың үздік ойыншысы болып қазақстандық Мұрат Шәкенов танылды», - делінген Сингапурдың суда жүзу қауымдастығының баспасөз қызметі жариялаған мәліметте.


Соңғы жаңалықтар