Су қоймаларына судың келу көлемін болжайтын ақпараттық жүйе енгізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде су қоймаларына судың келу көлемін болжайтын Talsim ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

су жіберу
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Биылғы жылы су тасқыны жағдайын болжау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Алғаш рет «Tasqyn» жүйесі пайдаланылды. Қазіргі уақытта жүйеге күн сайын «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын реттейтін 86 су қоймасы жұмыс режимі бойынша ақпарат енгізіледі. 75 өзеннің сандық гидрографы әзірленді, онда «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның деректері мен GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесі негізінде нақты және болжамды су деңгейі мен ағыны көрсетілген, — деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ министр судың келу көлемін болжауға арналған ақпараттық жүйе іске қосылып жатқанын айтты. 

— Министрлік пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп, су қоймаларына судың келу көлемін болжауға арналған Talsim ақпараттық жүйесін бейімдеп енгізуіп жатыр. Қазіргі уақытта Есіл және Нұра өзендеріне арналған гидрологиялық модель бейімделіп үлгерді, — деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар