Су ресурстары министрлігінің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс – Олжас Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әр облысқа бекітіоген су лимиті қатаң бақылауда болуы тиістігін ескертті.

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности
Фото: primeminister.kz

- Жалпы, былай қарасақ, су тапшылығы болады. Қазірдің өзінде көріп отырмыз ғой. Сондықтан әр облыс үшін лимиттерін бекіттік пе, соны қатаң бақылау керек. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтен Шардара су құбыры қашан дайын болатынын сұрады. 

Сауалға жауап берген министр осы жылдың 1 шілдесіне толық аяқталатынын, қаражаты 100 пайыз шешілгенін айтты.

- Бұл вегитациялық кезеңде өте маңызды мәселе, - деп ескертті Олжас Бектенов. 

Айта кетейік, Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыға салынып жатыр.