Су ресурстары комитетінің төрағасы Рябцевке қатысты істі қарау аяқталып келеді ? қаржы полициясы

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Рябцев пен оның орынбасары Кеншімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тексеру шаралары аяқталуға таяу»,
None
None
деді бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған лауазым иелері осыған дейін мемлекеттік сатып алулар барысында қызмет өкілеттіктерін теріс мақсаттарға пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге шығын келтірді деп айыпталған болатын. «Бұған қоса, қазір комитеттің қызметкерлеріне қатысты тағы бір қылмыстық іс тексерілуде. Оған қатысты материалдар бойынша комитет өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Кентау-Түркістан» су желісінің құрылысына байланысты атқарылған жұмыстардың барысын тексермей жатып, оның қабылдау актілеріне 1,4 миллиард теңгенің жұмыстары атқарылды деп қол қойған. Ал мүлдем іске қосылмаған су желісінің қабылдау актісін Рябцев мырза бекітіп жіберген», деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар
Референдум