Су тасқыны: Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы 8 округке әлі де қауіп бар

АТЫРАУ. KAZINFORM – Ойыл өзенінің арнасынан асқан тасқын су Қызылқоға ауданындағы 8 ауылдық округке қауіп төндіріп тұр. 

Ойыл
Фото: YouTube

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтің айтуынша, Миялы, Жанкелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға, Тайсойған ауылдық округтеріне тасқын судан төнетін қауіп сейілмеген.

«Қызылқоға ауданында 31 наурызда төтенше жағдай жарияланды. Қазір Миялы ауылында қауіп сейілді. Бірақ, Ойыл өзенінің бойындағы округтерге қауіп төніп тұр. Су кірген елді мекендер жоқ. Көздіғара ауылдық округіндегі Қоныстану ауылында сайда орналасқан 4 тұрғын үй суға кетті. Оның бірі – бос тұрған үй. Бұл үйлерден 8 тұрғын мен қорадағы мал қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қазір бұл округте 6 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Округке Тасшағыл ауылдық округінен 2 техника көмекке жіберілді. Бұл округке қарасты Қосқұлақ және Бүйрек елді мекендерінің тұрғындары мен малы қауіпсіз аймақта», - деді Жарас Есенғалиев.

Әкім орынбасарының айтуына қарағанжда, Ойыл ауылдық округіне қарасты Балабейіт қыстағы тасқын судың қоршауында қалған. Құтқару жасағы 2 қайықпен қыстақтағы 11 адам мен 173 малды қауіпсіз аумаққа шығарған.

«Ауданда төтенше жағдай жарияланған соң 31 наурызда Миялы ауылының 654 тұрғыны 3 эвакуациялық пункке көшірілді. Кеше бұл ауылға тнген қауіп сейілді. Бүгін тұрғындар үйлеріне оралды. Ал, Тайсойған ауылдық округінің 139 тұрғыны Атырау қаласы мен Миялы ауылындағы туыстарының үйлне тасымалданды. Бүгін Көздіғара ауылдық округінің тұрғындары Жаңашаруа орта мектебініне эвакуацияланып жатыр», - деп мәлім етті Жарас Есенғалиев. 

Сондай-ақ, Ойыл өзенінің бойындағы өзге елді мекендердің тұрғындарын ауылдық округтерге көшіру басталған.

«Ауылдардың іргесіндегі бөгетті биіктету, қапқа құм толтыру жұмысына мекемелердің 1000-ға жуық, полициядан 73, төтенше жағдайлар департаментінен 145 қызметкер, ауылдардан 2 мыңнан астам ерікті, 83 техника тартылды. Құм толтырылған 55 мың қап бөгеттің осал тұстарына қойылды», - деді аудан әкімінің орынбасары. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік

Кейін Ойыл өзеніндегі су тасқынына байланысты Миялы ауылынан 559 тұрғын эвакуацияланды.

Сондай-ақ, Миялы ауылына тірелген судың деңгейі 1 метр 20 см құрады

Ойыл өзенінің маңынан 7 шаруа қожалығы қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Миялы ауылын тасқын судан қорғау жалғасып жатқанын жазған едік

Ойылдың арнасынан асқан су Миялы ауылы маңындағы көпірді бұзып кетті

Ал, бүгін Атырау облысындағы Көздіқара ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды

Соңғы жаңалықтар