Су тасқыны: БҚО-ға қай елдерден гуманитарлық көмек жеткізілді

Гуманитарная помощь для пострадавших от паводков казахстанцев прибыла из Узбекистана
Фото: Айзада Агильбаева

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен өңірге тасқынмен күресу үшін барған әскерилер біртіндеп өзге аймақтарға аттанып жатқанын айтты.

«Өңірде жағдай тұрақталып келеді. Бүгін таңдағы мәлімет бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі 859 сантиметр болып, 4 сантиметр түсті. Мамандардың айтуынша су деңгейі біртіндеп түсе береді.

Тасқын басталғаннан бері 13 980 адам эвакуацияланды, оның 5782-сі — балалар. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 12 эвакуациялық пункті 2487 адам паналап отыр. Оларға қажетті заттар мен азық-түліктер уақытылы жеткізілуде. Тұрғындарға тұрақты негізде медициналық бақылау жүргізіліп жатыр», - деді Ерхан Таткен Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол бүгінге дейін тасқыннан зардап шеккен 1541 адамға 561 млн теңгеден астам қаржы төленгенін айтты.

«Елдің басқа облыстарынан және Қырғызстан, Тәжікстан, Дағыстан сияқты елдерден 337 млн теңгенің гуманитарлық көмегі көрсетілді.

Өңірдегі су тасқынына қарсы шараларға 11 мыңға жуық адам, 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Кеше олардың ішінен 300-ге жуық әскери өңірдегі миссиясын аяқтап, Оралдан Атырауға жол тартты. Ертең де күштік құрылымдардың бірқатар қызметкері басқа өңірлерге аттанады.

Қазір жағдай әлі де бақылауда. Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласында кезекшілік жүргізіліп жатыр.

Жайық өзенінің бойында 142 шақырым дамбы тұрғызылған», - деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram