Су тасқыны: Қостанайлық кәсіпкерлер 4 млрд 600 млн теңге шығынға батты

БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беріліп, мал шығына өтеліп жатыр
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысында су тасқынан зардарп шеккен кәсіпкерлердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны барысында Қостанай облыстық кәсіпкерлік басқармасының өкілі Талғат Саламатов айтты.

«Ешқандай кәсіпкер назардан тыс қалмайды. Ережеге сәйкес, жылжитын, жылжымайтын мүлік, құрал-жабдықтар және тауарлық-материалдық құндылықтар өтелуге жатады. Мүліктің зақымданғаны жүргізілген бағалау негізінде расталады. Ал тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен бизнестің айналымы және декларация деректеріне сәйкес бағалау жүргіземіз», - деді Талғат Саламатов.

Жалпы, Қостанай облысында 97 бизнес субъектісі су тасқынынан зардап шеккендерін айтып отыр. Оларға келген шығын көлемі 4 млрд 600 млн теңгені құрайды. 97 субъектінің басым бөлігі сауда-саттықпен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері. 2 орта және ірі бизнес субъектісі бар. Негізінен Қостанай қаласы мен Қостанай ауданы кәсіпкерлері қатты зардап шеккен.

Айта кетейік, 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде жалпыұлттық телемарафон өтіп жатыр. 

Jibek Joly, Qazaqstan, «Хабар», «Еуразия», «КТК», «31 арна», Atameken Business, Astana TV, «7 арна» және Almaty TV телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көрген, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың жан тебірентер оқиғалары айтылып, табиғи апат аймақтарынан репортаждар берілуде.

Соңғы жаңалықтар