22:11, 30 Наурыз 2024 | GMT +5
Су тасқынынан зардап шеккендердің барлық шығыны өтеледі - Олжас Бектенов
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңестің қорытындысына қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Үкіметте Премьер-Министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Барлық сұрақтар тәулік бойы бақылауда болады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қараусыз қалмайды. Барлық шығын өтеледі», — деді Олжас Бектенов.