Су тасқынының алдын алу бойынша өңірлерде қандай шаралар жасалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – 13 өңірде су тасқыны салдарының алдын алу үшін гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 43 іс-шара іске асырылды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Су тасқынының алдын алу бойынша өңірлерде қандай шаралар жасалып жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес, 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.

— Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді, — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Айта кетелік Бозымбаев Құлсары, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы қауіпті аймақтарды тексерген еді.

Соңғы жаңалықтар