Су тасқыны: Оралда төтенше қорда 106,8 млн. теңге қаралып отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарына 27 млн. теңге бөлінді. Ал төтенше жағдайларды жоюға резервте 106,8 млн. теңге қаралған. Бұл туралы Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Орынғалиев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, алдын ала қауіпті аумақтар анықталып, ол жерлердегі барлық арықтар мен құбырлар тазартылды. Биыл, әсіресе, өзен жайылмаларында орналасқан саяжай қоғамдарын су басу қаупі төніп тұр. Саяжай үйлерінде 7583 адам тұрып жатыр. Оларды қауіп-қатерден хабардар ету жұмыстары жүргізілуде.

Коммуналдық қызметтердің барлық күші қар шығаруға, су сору жұмыстарына бағытталған. Оралдың көшелерінде күн сайын 360-қа жуық жұмысшы, жүз шақты техника еңбек етуде. Орал қалалық жол пайдалану кәсіпорны күшімен қаладан 155 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. Сонымен қатар қала көшелерінде жиналған шалшық суды сору жұмыстары жүргізілуде. Жол пайдалану кәсіпорнында халық үшін күндіз-түні диспетчерлік қызмет жұмыс істемек. Үйлеріне су кіру қаупі төнсе, тұрғындардың өтінішіне сәйкес қажетті техника жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар