Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Суда құтқару қызметінің дайындығы ойдағыдай

ОРАЛ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Үкіметінің биылғы наурыздың 10-ындағы қаулысымен суда құтқару қызметі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне беріліп, мемлекеттік мекеме ретінде қайта құрылған болатын,

Суда құтқару қызметінің дайындығы ойдағыдай
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осыған орай ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының жетекшісі Сейітқазы Оқасов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстанда болып, БҚО ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ жұмысымен танысты. 64 қызметкері бар ұжыммен кездескен ол суда құтқару қызметінің құтқару, жүзу құралдарының қолданысқа жарамдылығын көрді. Биыл жыл басынан бері өңірде суға кету жағдайы тіркелмеген. Мұнда барлық техника жұмысқа әзір тұр. Дағдарысқа байланысты биыл жаңа құрал-жабдықтарға қаржы берілмейді. Бұл мәселе алдағы жылы шешімін табатын болады.