Судья Трамптың туу құқығы бойынша азаматтық туралы жарлығына уақытша тыйым салды
АСТАНА. KAZINFORM – Сиэтлдегі федералдық судья президенттің туа біткен азаматтықты 14 күнге шектеу туралы жарлығына уақытша тыйым салу қаулысын шығарды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
- Ұсынылған мәселе осы сияқты анық болған басқа жағдай есімде жоқ. Бұл – Конституцияға қайшы бұйрық, - деп хабарлады аға аймақтық судья Джон Коэнур.
Бұл іс төрт штаттың (Вашингтон, Аризона, Иллинойс және Орегон) жарлық күшіне енгенге дейін тосқауыл қоюға әрекеттенгенінен соң қозғалды. Бұл демократиялық бас прокурорлар мен мигранттардың құқықтарын қорғау ұйымдарының конституцияға қайшы тәртіпке қарсылық білдіріп, сотқа түсірген бес шағымның бірі.
АҚШ Конституциясына 14-ші түзету ұзақ уақыт бойы шетелдік дипломаттардың балаларын қоспағанда, АҚШ аумағында туған кез келген адамға автоматты азаматтық беру ретінде түсіндірілді және онда былай делінген:
- Құрама Штаттарда туған немесе натурализацияланған және оның юрисдикциясына жататын барлық адамдар – бұл Америка Құрама Штаттарының және олар тұратын штаттың азаматтары -.
Түзету 1857 жылы АҚШ Жоғарғы сотының Дред Скотт ісі бойынша шығарған шешіміне жауап ретінде енгізілді, онда құлдардан шыққан адамдар азамат болып табылмайтыны айтылған.
Әділет министрлігінің заңгерлері өз құжаттарында Коэнурға туа біткен азаматтық туралы бұйрық Дональд Трамптың «елдің миграциялық жүйесі мен оңтүстік шекарадағы дағдарысты шешуге» бағытталған күш-жігерінің «құрамдас бөлігі» екенін хабарлады.
Олар Трамптың мұндай бұйрық шығаруға өкілеттігі бар, ал штаттардың болжамды экономикалық залал негізінде сотқа жүгіну құқығы жоқ екенін айтты.
Іс АҚШ Жоғарғы сотында апелляцияға берілуі мүмкін.
Әділет министрлігінің өкілінің мәлімдеуінше, олар АҚШ Конституциясына 14-ші түзетуді дұрыс түсіндіретін президент Трамптың бұйрығын табанды түрде қорғайтын болады.
Осыған дейін Трамптың билікке келе сала АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат беретін миграциялық қосымшаның жұмысын тоқтатқаны туралы жаздық.