Солтүстікті тұман басып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады — синоптиктер

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 26 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады.

жаз
Фото: bolzhau.com

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік-батыс циклонның жырасы және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Біраз өңірде найзағай ойнап, жаңбыр аралас бұршақ жауады, қатты жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстікті тұман басады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Мұндай болжам Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына, Солтүстік Қазақстан облысының батысына, солтүстік-шығысына, Қызылорда облысының батысына, орталығына, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстігіне де жасалған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ал төтенше өрт қаупі Қызылорда, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, солтүстігінде, Манғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында болжанған. Сонымен қатар Павлодар облысының солтүстік-шығысында, Жетісу, Абай облыстарының шығысында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында да төтенше өрт қаупі күтіледі.