Суматрада құс тұмауынан 4 жасар қызбала шетінеді

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Индонезиялық госпитальдың құс тұмауының таралуын бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы Азизман Саад H5N1 құс тұмауы вирусынан 4 жасар қызбаланың шетінеу фактін растады. Бас дәрігердің айтуынша,

Суматрада  құс тұмауынан 4 жасар  қызбала шетінеді

өткен аптада көз жұмған бала Суматра аралындағы Паканбару қаласында тұрған, деп хабарлайды Utro.ru сайтынан.

Маманның айтуынша, сондай-ақ, жұма, сәуірдің 30-ы күні госпитальге ұқсас белгілермен тағы үш адам - жеті жасар баласымен бір әйел және 5 жасар қызбала түскен, бірақ олардың диагноздары әзірге расталған жоқ.