Суматрада шамалы зерттелген ауруға 17 мың адам ұшырады

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Индонезияның оңтүстігіндегі Суматра аралының Лампунг провинциясында 2010 жылдың алғашқы екі айында шамалы зерттелген жұқпалы чикунгунье ауруларына ұшыраған адамдардың саны 17 мың 370-ке жетті,

Суматрада шамалы зерттелген ауруға 17 мың адам ұшырады

деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Бұдан екі апта бұрын жергілікті өкімет орындары Лампунг провинциясының Сидомульо қаласында төтенше жағдай режімін жариялаған болатын. Мұнда осы індетке 420-ға тарта тұрғын тап болды.

Ойда жоқта пайда болған індетке Тангумас ауданда 4 мың 670 адам шалдықты. Одан кейін 2805 сырқатпен Песаваран ауданы тұр.

Бұл ауру әсіресе плантация өсірілетін аймақта белсенді таралып отыр, өйткені оны тарататын маса плантация арасында өмір сүреді. Аурудың белгілері - безгек сияқты денені қалшылдатады. Денсаулық сақтау ұйымдары тұрғындардың тоғандарды тазартып, түнде бетпердемен қорғануына кеңес беруде.