Сүндет Байғожин «Қазақстан Аруы-2016» қатысушысына сөз салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Аруы-2016» байқауының жүргізушісі, танымал опера әншісі Сүндет Байғожин байқау қатысушыларының біріне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Финалдық шоу барысында ол кенет «Мәңгі махаббат» әнін француз тілінде ән шырқай бастады және оның аяқталуын күтпестен «Қазақстан Аруы-2016» байқауына Қостанай атынан қатысып отырған 19 жастағы Айткүл Нұрмановаға сөз салды. Қыз көпшілік алдында келісімін берді. Әншінің сүйіктісі Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде білім алуда.
Айта кетейік, «Қазақстан Аруы-2016» байқауын «Астана Опера» солисті Сүндет Байғожиннен бөлек, танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жүргізуде.

Еске салайық, бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан Аруы-2016» байқауының 20-шы мерейтойлық шоуы өтіп жатыр. Биыл байқаудың финалдық кезеңіне 25 қатысушы жолдама алды. Олардың ішінде ең жасы 16 жаста.

Только что в прямом эфире Сундет Байгожин сделал предложение руки и сердца Айткуль Нурмановой из Костаная. Она сказала: "Да!". Поздравляем от всей души! #миссказахстан #миссказахстан2016

Фото опубликовано Miss Kazakhstan (@misskazakhstan_official) Дек 10 2016 в 6:26 PST

Соңғы жаңалықтар