«Сұңқар» облыстық әскери-патриоттық сайыстың жеңімпазы атанды

КӨКШЕТАУ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Щучье ауданы аумағында өткізілген әскери-патриоттық клубтар сайысында Степногор қаласының «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанып, арнайы дипломмен марапатталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің Ата Заңы - Конституция күніне орайластырыла өткізілген күштілер мен ептілер байқауына өңірдің әр ауданынан 15 команда қатысып, бақ сынасқан болатын. Үш күн бойы «Дашенька» балалар сауықтыру орталығында жеткіншектер салтанатты сапта жүру, «Сарбаз жұлдызы», «Жауынгерді сынау», «Қауіпті алаң», «Жас барлаушы» бағдарламалары бойынша сайысқа түсті. Іс-шара «Менің Отаным - Қазақстан» кешімен жалғасты. Қазылар алқасының ұйғарымымен екінші орынға Көкшетау қаласының командасы иелік етсе, үшінші сатыға - Астрахан ауданының патриоттары көтерілді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар