Сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған голландиялық жігіт үйдің шатырын тесіп тастады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландының Ийссельстейн қалашығында үйдің төбесіне кран құлаған. Кранның көмегімен жергілікті тұрғын өз сүйіктісіне шаңырақ көтеру ұсынысын жасамақ болған.
None
None

Ол автокранның көмегімен сүйіктісінің бөлмесінің терезесінің алдында ән айтып, ұсыныс жасауды ойлаған.

Алайда кран дұрыс бекітілмей, оның бір бөлігі көрші тұрған үйдің шатырына құлаған. Оны көтермек болғанда кран тағы құлап, жағдайды бұрынғыдан да ушықтырып жіберген. Жақын жерде орналасқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Мұндай келеңсіздіктерге қарамастан, жігіт ойлағанына жетіп, жанұялы болды. Жұп үйлену тойларын Парижде тойлауда, деп жазды Би-Би-Си.

Соңғы жаңалықтар