00:05, 16 Қазан 2015 | GMT +5
Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 21-24 қазан аралығында Талдықорған қаласы мен Жамбыл ауданында XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған кең көлемді шаралар өтеді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мерейтойлық шаралар бағдарламасы мынадай:
21 қазан
10.00
«Менің пірім - Сүйінбай» халықаралық ақындар айтысы
Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы
22 қазан
14.00
«Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы - термешілер байқауы
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық Мәдениет үйі
23 қазан
10.00
«Сөздің пірі - Сүйінбай» халықаралық ғылыми конференциясы
Алматы қаласы, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы
24 қазан
9.30
Халық ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар: Сүйінбай Аронұлы мұражайымен танысу, Сүйінбай атындағы саябақтың және ақын ескерткішінің салтанатты ашылуы, салтанатты жиын мен мерейтойлық концерт, ас беру, ұлттық ат спорты ойындарынан жарыс