17:00, 27 Наурыз 2025 | GMT +5
Светлана Анкичева Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлдеге таласады
АСТАНА. KAZINFORM - Әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынаған Светлана Анкичева финалдық кезеңге шыға алмады.

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жеткен еді. Өкініштісі Светлана бұл кезеңде қытайлық Ю Чжанмен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Енді қазақстандық спортшы қола жүлде үшін белдесуге шығады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Азия чемпионатында әйелдер күресінен Светлана Анкичеваның жартылай финалға өткенін жазған едік.