Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселесіне қатысты құжат мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжілістің жалпы отырысында «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселесіне қатысты құжат мақұлданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжат Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру және осы бағыттағы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес сараптамасын жүргізу туралы заң дайындап, оны қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әзірленіп отыр. Заң жобасының мақсаты - нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің міндеттілігін заң жүзінде бекіту. Осыған байланысты еліміздің «Нормативтік құқықтық актілер туралы», заңы мен соған сәйкес Парламенттің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуі тиіс өзгеріс енгізіледі.