Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтың басым көпшілігі мемлекеттік сатып алуға байланысты болып отыр - БҚО

ОРАЛ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Өткен жылы орын алған сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтың басым көпшілігі немесе 73 пайызы мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтың басым көпшілігі мемлекеттік сатып алуға байланысты болып отыр - БҚО

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бөлім бастығы Майя Нұрмағағамбетованың сөзіне қарағанда, мұндай құқықбұзушылыққа, әсіресе, білім беру және құқық қорғау саласының қызметкерлері көп барған. Айталық, 2010 жылы осындай құқық бұзушылыққа жол берген 317 адам есепке іліксе, соның 74-і - мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар басшылары, 69-ы - құқық қорғау қызметкерлері.

Өткен жылы қолданыстағы заңдылыққа өзгертулер енгізілуіне байланысты шағын бизнес нысандарын тексеру үш есе дерлік өскен. Тіркеу кезінде 175 тексеруді өткізуден бас тартылса, 170 заңсыз тексеріс анықталған.

Құқықтық статистика бөлімінің бастығы Асқар Қапуловтың азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бағытында кемшіліктердің бар екенін алға тартты. Мәселен, облыс соттары қылмыстық іс қозғалған тоғыз адамды ақтап шығарды.