Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған алғашқы форумда нақтылы шаралар айқындалды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қалалық әкімдігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы қалалық филиалының ұйытқы болуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналып өткізілген алғашқы форумда нақтылы іс-шаралар қарастырылып,
None
None

 алдағы күні шешімін күткен түйткілдер әңгіме арқауына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Салиқалы басқосуға қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау орындарының жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысып, талқыланған мәселелер төңірегінде ойларымен бөлісті.

 Қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Бақыт Сапаров жемқорлық экономикаға тікелей әсер ететінін жеткізіп, тиісті сараптама жасады. Қоғамға жат қылықпен күресте ынтымақтастық, бірлік, ұйымшылдық таныту қажеттігі атап көрсетілді.   Мәжіліс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі нығайтуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар