14:18, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында Қазақстан нақты іс-шараларды қолға алуда ? РФ Есеп палатасының төрағасы
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында Қазақстан нақты іс-шараларды қолға алуда.
Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болған Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Шынымен де, бүгінгі таңда Қазақстанда жемқорлыққа белшесінен батқан лауазымды тұлғаларға қатысты нақты әрі батыл іс-шаралар қолданылуда. Аталған жұмыстар ондай азаматтардың дәрежесі мен бұрынғы жетістіктеріне қарамастан жүргізіліп келеді», - деп атап өткен С.Степашин елімізде «Қазатомпром» компаниясы мен Экология министрлігінде жемқорлық әрекеттеріне қарсы атқарылған іс-шаралар туралы жақсы білетіндігін жеткізді. «Ал мемлекетаралық жемқорлыққа тоқталатын болсақ, бүгінде Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеуде. Сондықтан біздің аумағымызда орын алған жемқорлық әрекеттерге нақты тосқауыл бар деп толық айтуға болады», - деді С.Степашин.