Сыр бойының шәкірттері 5 грант жеңіп алды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Ақтау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Сыр бойынан 5 оқушы білім грантын жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім додасына біздің облыстан мектеп бітіруші 10 оқушы қатысты. Олардың арасынан Арал қаласындағы №13 орта мектеп пен Сырдария ауданындағы №131 орта мектеп, сондай-ақ қаладағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат пен №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары Гүлсара Байжанова, Нұржан Анасов, Гүлзина Баймұрзаева, Бибінұр Қошқарова және Нұрбол Сәрсенбаев үздік шықты. Енді олар қыркүйек айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің есігін ашады.