01:40, 18 Шілде 2015 | GMT +5
Сыраға тойып алған тиін клубтың шырқын бұзды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Англияның Ившем қаласында орын алды. Ішімдікке мас болған тиін «Ханиборн» теміржол клубында «шу шығарды». Оның клубқа келтірген залалы 300 фунттан асады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Клубтың хатшысы Сэм Боултердің айтуынша, тиінді қораптардың ішінен шыққан кезде ғана байқаған. Ол су іздеген көрінеді.
Қатты шөлдеген тиін сыра шүмектерінің қасына келіп, біреуін бұрап ашқан. Шөлін «қандырып» алған тиін аяғын бас алмай, айналасындағы заттар мен ақшаларды шаша бастаған. Кейбір қағаз ақшалар жарамсыз болып қалды.
Ақыр соңында тиін қолға түсіп, бостандыққа жіберілді.