Сырдария өзеніне анасы мен қызы бірдей суға кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысындағы Шиелі ауданы, Ботабай ауылының 30 жастағы тұрғыны Жанар Қауғанбаева 5 жастағы қызы Гүлданамен суға батып кеткен.
None
None

Бұл төтенше жағдай мереке күндері елді мекен тұсындағы Дәулетбай арнасына суға шомылу кезінде орын алған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің құтқарушылары Гүлдана Жасұланқызының денесін 10 сағаттан кейін су бетіне шығарса, анасы Жанардың денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар