Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Шығыс Еуропа елдерінде сапармен болады
АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Наурыздың 30 мен сәуірдің 1-і аралығында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Шығыс Еуропа елдерінде сапармен болады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сапар барысында Минскіде, Киевте және Кишеневте Қ. Саудабаев үш мемлекеттің басшылығымен, Парламент жетекшілерімен, сондай-ақ сыртқы саясат ведомствосы өкілдерімен, саяси партия көшбасшыларымен келіссөздер жүргізетін болады.
Аталған сапар аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Тирасполь қаласында болады деп күтілуде.