Сыртқы істер министрі «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» мобильді қосымшасын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусым күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халыққа есеп беру кездесуінде «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа туындыны таныстырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Сандық қосымшаны таныстырған Ерлан Ыдырысов жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға қосылған елеулі үлес екенін айтты.

«Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.

Министрдің айтуынша, бұл қосымша - Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі.

Қосымшада бұған дейін еш жерде жарық көрмеген эксклюзивті көптеген фотосурет пен бейнематериалдар бар.

Қосымша «Windows», «Apple», «Android» жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

«Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы - 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым», - делінген хабарламада.
Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe сөзін енгізу қажет.


 

Соңғы жаңалықтар