08:11, 09 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Сыртқы істер министрі Ыдырысов ЕҚЫҰ басшыларымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургте 57 елдің сыртқы істер министрлері бас қосты. Мұнда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқарып барды. Бейбітшілікті сақтау және әскери қақтығыстарды реттеу бұл жиында талқыланған басты тақырып болды.
Отырыс екі күн бойы жалғаспақ. Конференция басталмас бұрын Ерлан Ыдырысов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткізген басқосуға қатысты. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа мүше елдердің министрлерімен бірге күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әңгіме өрбітті. Алдағы уақытта Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.