Сыртқы қарыздардың ең төменгі деңгейі Kaspi bank-те
АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің арасында сыртқы қарыздардың ең төменгі деңгейі Kaspi bank-те. Оны банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бүгін шоғырландырылған аудит жүргізілген қаржылық есептің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Несиенің депозиттерге қатынасы бойынша дәл қазіргі сәтте Kaspi bank ең алдыңғы орында тұр. 141,4 пайыздық бұл коэффицент сыртқы қарыздардың ең төменгі деңгейін көрсетеді. 140 миллион теңгелік соңғы заем наурыз айының соңында төленді. Енді жыл соңына дейін банктің ешқандай сыртқы төлемі жоқ», дейді Kaspi bank Басқарма төрағасы М. Ломтадзе. Оның айтуынша, қазіргі таңда оларда тек төлем мерзімі 2013 жылға дейінгі ұзақ мерзімдік қарыз ғана бар.