11:50, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Сырым ауданында тұратын Х.Құрманәлиева 105 жасқа толды
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында тұратын Хамеш Құрманәлиева 105 жасқа толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үш ұл, бір қызды тәрбиелеп өсірген Хамеш әже бүгінде олардан 16 немере, 7 шөбере сүйіп, қызықтарына кенеліп отыр. Денсаулығы да жақсы, тек құлағының аздап мүкістігі барын айтады. Сонау қиын жылдары бір отар қойды шелекпен құдықтан суарып, қырқуды да бір өзі атқарған әженің ұзақ жасауы осы еңбекқорлығында болса керек. Ол бүгінде бала-келіні Ерболат пен Әслиманың қолында бақытты ғұмыр кешуде.