Сырым ауданында жаңа музыка мектебінің ғимараты ашылды
ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында 56 орындық жаңа музыка мектебінің ғимараты ашылды.
Аталмыш құрылысқа «ҚПО б.в.» компаниясы өңірдің әлеуметтік саласын қолдау бағытында 54,238 млн. теңге бөлген. Нысанды «Альтаир» ЖШС сапалы салып шықты.
Іші-сырты сыңғырлап тұрған музыка мектебі заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған.