12:39, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сырымда жас мамандарға пәтер кілттері табыс етілді
ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында төрт бірдей жас маманға жаңа пәтер кілттері табыс етілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде «Дипломмен - ауылға» жобасына сәйкес тұрғын үйлер салынып, түрлі әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұл - соның бір көрінісі. Жымпитыда бұл екі пәтерлі қос бірдей коммуналдық үйге үш жас дәрігер мен мәдениет қызметкері орналасты. Индира Семенова, Мәншүк Құрмашева, Айгүл Қабденова, Армат Алдамжаровқа сондай-ақ құны 290 мың теңге болатын әлеуметтік қоржындар да тапсырылды.