Т. Донақов ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
***
Т.С. Донақовты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі қызметіне тағайындау туралы
Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 желтоқсан
№ 129