Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Т.Құлыбаев «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы Президиумының төрағалығына сайланды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасының жаңа сайланған президиумының отырысында «KazEnergy» мұнай-газ және энергетикалық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев

Т.Құлыбаев «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы Президиумының төрағалығына сайланды

«Атамекен одағы» президиумының төрағасы қызметіне сайланды.

Жиын барысында Президиум төрағасылығына ұсынылған Т.Құлыбаевтың кандидатурасы жөнінде сөз қозғаған Қазақстанның фермерлер одағының президенті Әуезхан Дариновтың айтуынша, қазіргі таңда «Атамекен одағы» ұйымы президиумының төрағалығына лайықты адамдардың бірі - Т.Құлыбаев. «Президиум басшылығына осындай беделді азаматтың келгендігінен болар, соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында айтарлықтай ілгерілеушіліктер болды. Сондықтан Т.Құлыбаев бұрынғысынша, президиум төрағасы қызметін атқара бергендігі дұрыс»,- деді Ә.Даринов. 

Жиынға қатысушылар оның ұсынысын бірауыздан қолдады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы 2010 жылдан бері Қазақстандағы бизнес-қауымдастықтарының басын біріктіретін бірден-бір ұйымға айналды.

Палата кәсіпкерлік саласы бойынша туындайтын мәселелерді үйлестіріп, бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғауға бағытталған.     

Осыған қарай бүгінде палатаның  филиалдары еліміздің барлық облыстарында жұмыс істеуде. Палатаға мүше ретінде шағын және орта, сондай-ақ ірі бизнес саласы бойынша 213 субъекті мүше. «Атамекен одағы» кәсіпкерлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп, кәсіпкерлік қызметіне байланысты заңдарды жетілдіруге күш салады.