Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті А. Байтұрсынов медалімен марапатталды

АЛМАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы медальге ие болды. Бұл бүгін университеттің 50 жылдығына арналған «Жоғары білім беруді дамытудың заманауи трендтері және жаһандық көкейкесті мәселелер» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде мәлім болды.
None
None

Қауымдастық президенті Рахман Алшановтың айтуынша, бұл мәртебеге бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ие болған екен. Енді олардың қатарына Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті қосылып отыр. Жалпы ҚР ЖОО қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, жаңа буын мамандарын даярлаудағы жаңашыл идеялары мен инновациялық ұстанымдары үшін тұлғалар мен ұйымдар марапатталады. Бұл медальмен марапаттау туралы шешім қауымдастық басқармасының отырысында қабылданып, басқарма шешімімен жылына бір рет өткізіледі. Сондықтан ресми марапат 77 жоғары оқу орнының басын біріктіретін қауымдастықтың алдағы арнайы жиналысында жүзеге аспақ. Бүгінгі конференцияда тек осы қуанышты жаңалық жарияланып, бірқатар оқытушыларға қауымдастықтың А. Байтұрсынов атындағы күміс және қола медальдары және грамотолары табыс етіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар