Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің 148 үздік студенті қосымша білім грантының иегері атанды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ -   Бүгін Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық экономика университеті 4-ші курсының 148 үздік студенті қосымша білім грантын алды,
None
None

деп хабарлайды Қазақпарат.

Сертификат табыс ету рәсімі университет ректоры Әли Әбішевтің қатысуымен өтті. Енді бұл студенттер оқуларын тегін жалғастырумен қоса, әртүрлі жоғарылатылған шәкіртақы алуға мүмкіндіктері бар.

«Соңғы жылдардағы экономикалық дамудың арқасында мемлекеттік білім беру жүйесін қаржыландыру деңгейі бойынша Еуропа елдерімен тереземіз тең. Бұл білім гранттары дағдарыс уақытындағы ел үкіметінің үздік студенттерге жасап отырған қамқорлығы арқасаында жүзеге асып отыр»,  дейді Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры Әли Әбішев.

Соңғы жаңалықтар