Т.Валовая: ЕАЭО аясындағы кедергілермен күресті бизнеспен бірлесіп жүргізу қажет

АСТАНА.ҚазАқпарат - ЕАЭО аясындағы кедергілермен күресті бизнеспен бірлесіп жүргізу қажет. Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумы аясында өткен брифингте Еуразиялық экономикалық комиссиясының Интеграция және макроэкономикалық негізгі бағыттары алқасының мүшесі Татьяна Валовая айтты.

Т.Валовая: ЕАЭО аясындағы кедергілермен күресті бизнеспен бірлесіп жүргізу қажет

«ЕАЭО аясындағы кедергілермен күресті бизнеспен бірлесіп жүргізу қажет. Өйткені, біздің мемлекеттеріміздің бизнесі дәл осы кедергілерден зардап шегеді. Біз мұндай жұмыстарды қазірдің өзінде бизнесен бірлесіп бастап кеттік», - деді Т.Валовая.

Осы ретте ол Астана экономикалық форумы аясында кеше ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес сұхбаттастығын трансформациялау туралы келісімге қол қойылғанын айтты.

«Дүйсенбіден бастап біз бизнес ұйымдармен бірлесіп, кедергілер бойынша сұхбатымызды бастаймыз. Яғни, бұл өте өзекті мәселе әрі біз оны жан-жақты ілгерілетудеміз», - деді ол.