Табағанда фристайл жарысы өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Өткен сенбі күні Алматы маңындағы Табаған спорттық ойын-сауық орталығында фристайлдан Tabagan Open-2010 сайысы өтті,

Табағанда фристайл жарысы өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сноуборд қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, шара спорттың экстремалды түрлерін дамыту, үздік спортшыларды анықтау, сноубордқа мемлекет назарын аудару мақсатында өткізілді. 3 кезең бойынша өткен жарысқа 20-дан астам спортшы қатысты. Сайыс барысында олардың биіктікке секіруі, секіріс кезіндегі айналып өнер көрсету шеберлігі, жерге түсудегі шеберлігі бағаланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спортшылар келесі жылы өтетін қысқы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болады.